Государственное учреждение «Отдел ветеринарии города Жезказгана»
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Государственное учреждение Жезқазған қаласы ветеринария бөлімінің 2018 жылы атқарған жұмыстары жөнінде

Жезқазған қаласы ветеринария бөлімінің 2018 жылы атқарған жұмыстары жөнінде

Опубликовано: 29 января 2019

«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мекемесі мемлекетіміздің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатын жүзеге асырады.

Бөлім 6 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады:

  1. жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу ;
  2. эпизоотияға қарсы іс-шаралардың жүргізілу ;
  3. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу,
  4. қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру,
  5. мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету,
  6. ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру .

Бұл функциялардың бәрінбөлімге ведмостволық бағыныстағы «Жезқазған қалалық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК жүргізеді. Қаржысы орындалған жұмыстар актісі негізінде төленеді.

2018 жылы бюджеттік бағдарламалар бойынша төмендегідей жұмыстар жасалды:

«Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша іс-шаралар жүргізу» бағдарламасы бойынша Қарағанды облыстық маслихаты бекіткен «Қарағанды облысы аумағында тіркелген энзоотиялық аурулар тізбесіндегі» энзоотиялық ауруларға  қарсы жұмыстар жүргізілді. Олар:

«Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» бағдарламасы бойынша «Профилактикасы, диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiне» сәйкес:

«Бруцеллез» ауруының алдын алу мақсатында барлық ірі қара, ұсақ мал және жылқы малының 10 пайызы тексерілді.

Бруцеллезге тексерулер нәтижесінде 62 бас мүйізді ірі қара оң нәтиже берді. Оның 62 басы түгелдей Сатпаев қаласының «Али» мал сою бекетінде санитарлық союдан өтті. Оның 62 басы түгелдей Сатпаев қаласының «Али» мал сою бекетінде санитарлық союдан өтті. Бруцеллездің клиникалық белгілері болған жоқ. Ереже бойынша санитарлық союдың алдында клиникалық белгілері тексеріліп, сойғаннан кейін ішкі органдары комиссиялы түрде ветеринариялық-санитарлық сараптау  жасалып, ауруға тән белгілер анықталмағандықтан шектеусіз сатуға жіберілді.

Ауыл шаруашылығы министрі бекіткен  профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының алдын алуды жоспарлау ережесіне сәйкес «Сібір жарасына»  қарсы барлық ауыл шаруашылығы жануарлары, «Құтыруға» жабайы жануарлармен етене араласу қаупі бар шаруашылықтар жанындағы иттер егілді, осы шаруашылықтағы иттер «эхинококкоз»   ауруына қарсы дегильминтизация жасалынды,  «Қарасан» ауруына 4 жасқа дейінгі ірі қара малы егілді. «Туберкуллез» ауруына ірі қара малдың аналығы тексерілді. Оң нәтиже бергені жоқ.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» бойынша 2018 жылы туылған барлық төл сырғаланып, таңбаланды.

«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап,  жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша  2324 ит және 835 мысық ауланып, жойылды.

"Жезқазған қалалық ветеринарная станциясы" ШЖҚ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны аумағында ауланған иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған тәлімбақ ұйымдастырылды. Бюджетті нақтылау кезінде ауланган ит мысықтарды иесі табылғанша уақытша асырау үшін тамағына қаржы бөлінді.

«Мал қорымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша Жезқазған қаласы аумағындағы 3 селолық округтегі мал қорымы және Жезқазған қаласынындағы мал қорымы ветеринариялық талаптарға сай күтіп ұсталуда.

2017 жылы үш мал қорымының (Жезқазған қ. Талап с.Малшыбай с.) қоршауы жөнделді.

Жезқазған қаласы аумағында талапқа сай 2 мал сою пункті бар, ЖК «Кулжанов Д» және «Жезказганская АТП» ЖШС. Екі мал сою пунктінде де ветеринариялық зертхана бар. Сойылған мал ұшалары зертханалық тексеруден өтіп, ветеринариялық анықтамамен қаланың сауда орындарына жіберіледі.

Қаладағы ет өнімдерін сататын базарларда жеке меншік ветеринариялық санитарлық сараптау зертханалары жұмыс істейді, сатылуға келген мал өнімдері толық сол зертханадан тексеруден өтіп, сатылымға шығады. Сондықтан да базарда ауру малдың еті сатылу қаупі жоқ.

  Жезқазған қаласы бойынша соңғы 5 жылдағы эпизоотиялық жағдай төмендегідей болды:

Осы жылы Аэропорт саяжайынан «Тейлериоз» ауруы тиркелді.Бұл ауру карантин немесе шектеу шаралары қойылатын аурулар тізбесіне жатпайтындықтан шектеу қойылған жоқ. Бірақ, Қарағанды облысының профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiне енгізілді.

Осы жылы базарға сатуға алып келген ірі қара ұшасынан «Туберкуллез» анықталып, Кенгир селосы, Школьная көшесі 8/2 үйге шектеу іс-шаралары қойылып, республикалық эпизоот отряд келіп жұмыс жасап, сауықтырды.

Осы жылы Малшыбай селосы, «Жамантас» қыстағынан «Листериоз» ауруы тіркелді.Малшыбай селосы әкімінің шешімімен шетеу қойылып, сауықтырылды.

Ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізу бойынша:

Жергілікті газеттер «Сарыарқа» және «Жезказганский вестник» газеттерінде Қарағанды облыстық мәслихатының XXII сессиясының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 245 шешімімен бекітілген Қарағанды облысының аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Қағидаларына түсініктеме беру мақсатында 2 мақала жарияланды.  «Бруцеллез» ауруының таралу себептері мен алдын алу туралы және «Жануарлар өнімдерін тасымалдау және сату ережелері» туралы нұсқаулықтар таратылды. Бөлімнің сайтында ақпараттар жарияланды.

 

Жалпы эпизоотиялық жағдай тұрақты. Қаладағы эпизоотиялық жағдай үнемі бақылауда.

 

Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі