Государственное учреждение «Отдел ветеринарии города Жезказгана»
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Информация Жезқазған қаласы, Малшыбай селосына қарасты «Жамантас» елді мекенінен адам мен жануарларға ортақ ауру «Листериоз» шығуына байланысты тұрғындар сақ болу үшін, ауру туралы  түсінікме беруді қажет деп санадық

Жезқазған қаласы, Малшыбай селосына қарасты «Жамантас» елді мекенінен адам мен жануарларға ортақ ауру «Листериоз» шығуына байланысты тұрғындар сақ болу үшін, ауру туралы  түсінікме беруді қажет деп санадық

Опубликовано: 10 ноября 2017

Листериоз—жануарлар мен адамдарға ортақ жұқпалы ауру.Ірі қара,қой-ешкі,шошқа, қояндар, құстар сирек болса да ит пен мысық та ауырады.

Қоздырғышы- Listeria monocytogenes-қозғалатын, полиморфты, грамм оң, ұштары домаланған ұсақ таяқша. Олар өте төзімді, қоршаған ортада кең таралған, төменгі температурада топырақта, суда,сабанда, жемде ұзақ уақыт сақталады.Топырақта, суда, сүтте,етте, сүрлемде,сонымен қатар өлекселердің органдарында өсіп-өнеді.

Листериоздың таралу көзі- ауру және аурудан сауыққан малдар. Олар листерияларды сыртқы ортаға несеппен, нәжіспен, сүтпен,көзден,танаудан, жыныс мүшесінен аққан соралармен бөліп шығарады. Листериоздан болған желінсауда сиырда 300 күнге дейін сүтпен бөлінеді. Қоздырғыштың табиғаттағы резервуары жабайы жануарлар әсіресе кемірушілер болып табылады.Листериялармен ластанған су қоймалары аса қауіпті.

Белгілері: Листериоз 3 формада өтеді жүйкелік, септикалық, симптомсыз.Жүйкелік түрі  ірі қара мен қойларға тән.Аурудың бастапқы кезінде дене қызуы 41-42 С көтеріледі, кейін төмендеп қалпына келеді. Бұзаулар мен қозыларда септикалық түрде өтеді , 1-2 күнде өледі. Листериоз ет қоректілерде (ит,мысық,түлкі) және кемірушілерде жүйкелі формада өтеді. Листериоз ас қорыту жолдары, тыныс жолдары, зақымданған тері және кілегейлі қабықтар арқылы жұғады. Адамдарға ауру мал өнімдерінен (ет,сүт), залалсыздандырылмаған нәжіс пен сумен суарылған көкөніс өнімдерінен жұғады.

Шешуші диагноз бактериологиялық зерттеу нәтижесінде қойылады.

Листериоз ауруы шыққан жағдайда сол аумақтағы малдар түгел клиникалық бақылаудан өтеді, дене қызуын өлшейді. Орталық жүйке жүйесі зақымданған ауру малдарды союға жібереді. Күмәнді малдарды оқшаулап антибиотикпен емдейді.

Диагноз анықталғаннан кейін тиісті әкімшілік аумақтың әкімдігінің шектеу  қою туралы қаулысы шығады.

Шектеу қойылған қолайсыз  аумақтан :

  1. Індет ошағынан жануарларды шығаруға, санитариялық союға жіберуден басқа.
  2. Лажсыз сойылған малдардың етін шикілей шығаруға, ет өңдейтін кәсіпорындарға өңдеуге жіберуден басқа;
  3. Ауру малдармен жанасқан немесе листериямен залалданғанына күмәнді жем-шөп шығаруға;
  4. Ветеринарлық дәрігердің рұқсатынсыз шаруашылық ішінде жануарларды қайта топтауға (ауыстыруға);
  5. қолайсыз аумақтарда тұқымды және қолданыстағы жануарларды, шөп, сабан және басқа науа жемді басқа шаруашылықтар мен аудандарға шығару, жәрмеңке, базарлар ұйымдастыру және жануарлар (құстарды қоса), қымбат терілі аңдар, иттер, мысықтар көрмесін өткізуге;
  6. ауру жануарларды өсіруге және тамақтандыруға халыққа сату;
  7. ауру жануарлар мен қолайсыз отардағы жеке малдарды сау малдармен бірге жаюға, суаруға және басқа қатынаста болуы, сонымен қатар жануарларды жайылым жазықтарына айдау мен тасуға тиым салынады.

Алғашқы ауру шыққан кезде және мал өлген жағдайда мал ұсталынған қораларды және ауру мал немесе ауруға күдікті мал тұрған қораны күнделікті тазалағаннан кейін дезинфекциялайды. Ауру малдар орналасқан мал қораның кіре берісіне дезбарьер жасалынады.Малдың қиларын-көңдерін, нәжістерін және жем-шөп қалдықтарын биотермиялық өңдеуден өткізеді немесе химиялық-дезинфекциялық заттармен дезинфекциялайды. Дезинфекция жасау үшін 10-20% жаңадан сөндірілген известь (әк) немесе 2% хлорлы известі, 2% күйдіргіш натрий  немесе басқа да дезинфекциялық ертінділерді қолдануға болады. Ауру шыққан аумақта дератизация (кемірушілерден тазарту) жүргізіледі.Қолайсыз шаруашылықта ең соңғы ауру мал шыққаннан соң 2 айдан кейін қорытынды дезинфекция жасалып, таза деп жарияланады.

 

«Жезқазған қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бас маманы М.Абилова