«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік мекемесі Жезқазған қаласы ветеринария бөлімінің 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары жөнінде

Жезқазған қаласы ветеринария бөлімінің 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары жөнінде

Опубликовано: 23 октября 2018

«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мекемесі мемлекетіміздің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатын жүзеге асырады.

Бөлім 6 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады:

  1. жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу ;
  2. эпизоотияға қарсы іс-шаралардың жүргізілу ;
  3. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу,
  4. қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру,
  5. мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету,
  6. ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру .

Бұл функциялардың бәрін бөлімге ведмостволық бағыныстағы «Жезқазған қалалық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК жүргізеді. Қаржысы орындалған жұмыстар актісі негізінде төленеді.

2018 жылдың жарты жылдығында бюджеттік бағдарламалар бойынша төмендегідей жұмыстар жасалды:

  1. «Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша іс-шаралар жүргізу» бағдарламасына 5002,0 мың тенге бөлініп, толық игерілді. Бұл қаржыға Қарағанды облысы маслихаты бекіткен энзоотиялық ауруларға қарсы жұмыстар жүргізілді. Эктопаразиттерге қарсы 11774 ұсақ мал, 2000 бас ірі қара егілді, «Бұзаутаз» (трихофития) ауруына қарсы 1210 бас бұзау, «тейлериоз» ауруына қарсы 1000 бас ірі қара, 1150 бас жылқы «сақау» ауруына қарсы егілді.
  2. «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» бағдарламасы бойынша 22077,0 мың тенге бөлініп, 9 айдың іс-шаралар жоспары 100% орындалады. Игерілген сома 22077,0 мың тенге. Бұл қаржыға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен бекітілген «Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiне» сәйкес:

«Бруцеллез» ауруына 12282 бас ірі қара,  30488 бас ұсақ мал тексерілді.

  Бруцеллезге тексерулер нәтижесінде 62 бас мүйізді ірі қара оң нәтиже берді. Ережеге сәйкес мал иелеріне санитарлық союға нұсқама берілді.  Оның 62 басы түгелдей Сатпаев қаласының «Али» мал сою бекетінде санитарлық союдан өтті. Бруцеллездің клиникалық белгілері болған жоқ. Санитарлық сою кезінде ішкі органдарына санитарлық сараптау  комиссиялы түрде жасалып, ауруға тән белгілер анықталмағандықтан шектеусіз сатуға жіберілді. Сойылған жануарлардан патологиялық материалдар алынып, пункттің (табынның) мәртебесін анықтау үшін оны мемлекеттік ветеринариялық зертханаға ПТР (полимерлік тізбекті реакция) немесе бактериологиялық әдісімен зерттеулер жүргізу үшін жібереді. Осы тексерулердің нәтижесінде «Бруцеллез» анықталған Түйемойнақ станциясында бір аулаға шектеу қойылып, барлық ветеринариялық-санитариялық сауықтыру шаралары  толық жасалып, толық сауықтырылғаннан кейін шектеу алынды.

«Сібір жарасы» ауруына қарсы 9300 бас ірі қара, 6150 бас жылқы, 400 бас шошқа, 20600 бас қой-ешкі, 100 бас түйе егілді.

400 бас шаруа қожалықтарының иттері «құтыруға» егілді және «эхинококкоз» ауруына қарсы дегильминтизация жасалынды.

«Қарасан» ауруына қарсы  4500 бас ірі қара егілді. «Туберкулез» ауруына  4100 бас ірі қара, 400 бас шошқа, 40 бас түйе тексерілді, оң нәтиже бергендер жоқ.  

  1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» бойынша 19147,0 мың тг бөлініп, 18147,0 мың тенгесі игерілді:

4839 бас ірі қара, 1135 бас жылқы, 10693 бас ұсақ мүйізді мал, 647 бас шошқа, 20 бас түйе төлі бірдейлендірілді.

  1. «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 17546,0 мың тг бөлінді (о.і. 3009,0 тәлімбақ, 4337,0 тамақ)

Жыл басынан 2724 иесіз ит-мысық, оның ішінде 2001 ит және 723 мысық ауланып, жойылды.

Қалада қаңғыбас ит пен мысықтарды аулауға "Жезқазған қалалық ветеринариялық станциясы" ШЖҚ комуналдық мемлекеттік кәсіпорнында 1 бригадада үш қызметкер тартылған. Мамандар арнаулы киім (көк халат) және қызметтік куәліктерімен қамтылған, автомашинада «Жезқазған қаласының әкімдігі» және «Қаңғыбас ит-мысықтарды аулау. тел. 77-16-63» айырым белгісі бар.

2017 ж. 12-желтоқсанында Қарағанды облыстық мәслихатының № 264 қаулысымен «Қарағанды облысының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау Ережесі» бекітілді. Осы Ереженің 18 тармағында көрсетілгендей ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар, олардың тиесілігін анықтағанға дейін жергілікті атқарушы органдарымен, жануарлардың құқықтарын қорғаушылар ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке және заңды тұлғалардың ұйымдарымен көзделген уақытша ұстау үй-жайларында немесе оқшаулағыштарында ұсталады,. Талап етілмеген иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес эвтаназиялауға жатады.

Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде "Жезқазған қалалық ветеринарная станциясы" ШЖҚ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны аумағында ауланған иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған тәлімбақ ұйымдастырылды. Бюджетті нақтылау кезінде ауланган ит мысықтарды иесі табылғанша уақытша асырау үшін тамағына қаржы бөлінді.

  1. «Мал қорымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 13906,0 мың тенге бөлінді, оның 3906,0 мың тенгесі күзетшілер үшін күзетші вагондарын сатып алуға бөлініп, мемлекеттік сатып алу шарты жасалды. Қалған 10000,0 мың тенгесі мал қорымдарын күтіп ұстауға жұмсалады. Игерілген сома 8906,0 мың тенге. Жезқазған қаласы аумағында 3 селолық округте және Жезқазған қаласынында 4 мал қорымы бар, мал қорымдары ветеринариялық талаптарға сай күтіп ұсталуда. Барлық құжаттары жасалып, ветеринариялық станцияның балансына берілген.

2017 жылы 6 млн 900 мың тенгеге үш мал қорымының (Жезқазған қ. Талап с.Малшыбай с.) қоршауы жөнделді.

  1. «Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 900,0 мың тг бөлінді.

Бруцеллез ауруына оң нәтиже берген 62 бас ірі қара  мал сою орнына тасымалданды. Игерілген сома 700,0 мың тенге.

Жыл басынан бері 1 ветеринариялық аптека «НикВет+» мекен-жайы Гагарин көшесі 20 үй , 1 мал сою пункті  ЖК «Кулжанов Д» мекен-жайы 1 ауыл, 424 учаске іске қосылды.

Ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізу бойынша:

Жергілікті газеттер «Сарыарқа» және «Жезказганский вестник» газеттерінде Қарағанды облыстық мәслихатының XXII сессиясының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 245 шешімімен бекітілген Қарағанды облысының аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Қағидаларына түсініктеме беру мақсатында 2 мақала жарияланды.

Жалпы эпизоотиялық жағдай тұрақты. Қаладағы эпизоотиялық жағдай үнемі бақылауда.

 

Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі