«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Памятка населению: Бруцеллез

Бруцеллез

Опубликовано: 20 июня 2018

Бруцеллёз –жануарлардың аналық басында іштастау, жануарлардың аналық басында шуы және әйелдердің жолдас – серігінің түспеуімен, ал еркектерде – ені ісуімен эпидидимиттер негізінде әсер ететін жануарлардың және адамдардың созылмалы зоонозды ауруы.

Микробтары сыртқы ортаға өте төзімді болып келеді, суықта олар сақталады, құрғақ топырақта 110 тәулік, қида – 20- 70 тәулік шамасында сақталады. Бруцеллалардың физикалық және химиялық факторларға төзімділігі жоғары емес. 60-65 С олар 15-30 минутта, 70-75С 5-10 минутта, 100С – бірден өледі. Салқын сүтте 6..8 тәулік, ашыған сүтте -3...4 тәулік, кілегейде – 4...7 тәулікке дейін, ірімшікте - 40...50 тәулік, тұздалған етте – 3 айға дейін, тоңазытылған етте және малдың жерісінде 5 айға дейін, киімде -14 тәулікке дейін сақталады. Топырақта, суда, қида, ірі азықта қоздырғыш 4 ай шамасында тіршілікке икемді болып қала беруі мүмкін.Күннің тура түскен сәулесі 3.. 4 тәуліктің ішінде оларды өлтіреді. Дезинфекциялық ерітінділерге бруцеллалар төзімсіз. Хлорлы әк ерітінділері, құрамында 2...2,5% белсендірілген хлор, 2% натрий гидрооксиді ерітіндісі, 10...20% жаңадан сөндірілген әктастың жүзгіні (кальций гидрооксиді) бірнеше минут шамасында бруцеллді өлтіреді, 0,5% глутар альдегиді ерітіндісі және 5 % натрий феноляті ерітіндісі бір сағатта жақсы залалсыздандыру керек. 

Эпизоотология.

Бруцеллезбен үй жануарларының барлық түрлері және аңдардың көп түрлері ауырады. Ірі қара малдың ішінде оның көп таралуы көрінеді.Үлкен, жыныс мүшелері жетілген жануарлар ауруға өте әсерленгіш. Ірі қара малда бруцеллез В abortus тудырады. Бруцеллдің ауру тудырушылық түрімен бірге басқа үй жануарларына да көшуі мүмкін. Ірі қара малда, иттерде, мысықтарда және басқа үй жануарларында В.melitensis жиі кездеседі.

Инфекция қоздырғышысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар және микроб тасымалдаушылар жатады, ондай жануарлар маранамен, шумен, тастанды жолмен және жыныс жолдарынан аққан сорамен ауру бруцеллалар аса мол мөлшерде болып шығарады. Бруцеллалар сонымен қатар сүтпен, шәуетпен, нәжіспен және несеппен бірге бөлінеді.

Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал әкелгенде карантиндеу ережелерін сақтамағанда туындайды. Шуды, қиды өз уақытында жинамау,залалсыздандыру тәртібін сақтамау бруцеллездің туындауына әкеліп соғады. Ауру және сау малдарды бірге жайылымда жайғанда, бір суаттан суарғанда, бір жолмен айдағанда таралады. Жұқтыру қабық пен тері арқылы козекті және түспелі (жыныс жолдары) болып жүзеге асады. Бруцелламен жұқтырылған өнімдер, әсіресе сүт (сүт, қаймағы алынған сүт,) малдардың шикізаты, күту, жемдеу, төсеу, суару тәсілдері тасымалдау факторларына жатады. Індеттің жаңа ошақтарында бейімді жануарлардың 60%-ке дейін инфекцияға шалдығу мүмкін. Үлкен малға қарағанда жас мал бруцеллезді жұқтыруға биімді болып келеді. Малды өсіргенде, бағып күткенде ветеринарлық-санитарлық талаптарды дұрыс орындамау, бруцеллездің шығуына жағдай тудырады.

Клиникалық ерекшеліктері.

 Инкубациялық кезеңі 2.. 4 апта бойы болады. Жануарларда бруцеллез негізінде жасырын түрде өтеді, егер бейімді малдың арасында аналық басы буаз болмаса, ауруды тек қана серологиялық зерттеумен ғана анықтауға болады.

 Табында аурудың болуы буаз жануарлардың аналық басы санына байланысты. Жеке табындарда 50% дейін және одан да көп малдар іш тастайды. Жануарлардың аналық басында бруцеллездың негізгі клиникалық белгісі – буаздықтың екінші мезгілінде болатын іш тастау. Сиырлардың 5..8 айы буаздылығында іштастауы болады, іш тастауға 1...2 күн қалғанда жыныс мүшелері іскені болады, төл жолынан кілегейі шығуы, иіссіз және емшегі ісіуі. Іші түскен малдың эндометрит және шуы қалғаны тіркеленеді, кейбір кезде мастит, бурсит болады,еркектерде орхит, эпидидимит болуы мүмкін.

 Қолайлы табынға бруцеллез түссе 50...60% малдар іш тастауы мүмкін. Сиырлар немесе қысыр қашарлар бір, не екі рет іш тастайды. Бұқалар ен атрофиясымен орхит, эпидидимит болуы мүмкін.

Диагностика

Кешенді эпизоотикалық анализ, клиникалық белгілер, лабораториялық және аллергиялық зерттеулер негізінде, бруцеллез диагнозы қойылады.

Бруцеллезге жануарларды жаппай профилактикалық және диагностикалық зерттеулерден өткізу үшін, кеңінен АР(агглютинация реакциясы), КБР(комплемент байлау реакциясы), ҰКБР (ұзақ комплемент байлау реакциясы), ДШР(диффузия шегеру реакциясы), ИДР (иммуна диффузия реакциясы) қолданылады. Сондай- ақ, сиыр сүтімен РБС (розбенгал сынауы) және айналма реакциясы қолданылады.
Ахуалы жақсы шаруашылықтарда қан сарысуы РБС оң реакциясы көрсеткен жағдайда, тез арада антиденелердің комплемент байлауы барына және агглютин титрын анықтау үшін АР және КБР зерттеледі. Сүтпен айналма реакция бруцеллез бойынша табынның хал ахуалын бақылау үшін қолданылады, оң нәтиже берген жағдайда АР, КБР, ҰКБР бойынша қайта тексеру қажет.   

Емдеу және профилактикалық жұмыстарды өткізу.

 Ахуалы жақсы елді- мекендерде, шаруашылықтарда бруцеллез профилактикасы бойынша іс- шаралар және хал ахуалы нашар шаруашылықтарда оны жою бойынша іс- шаралар қолданыстағы Санитарлық және ветеринарлық қағидалармен қарастырылған. Ахуалы жақсы елді- мекендерде, шаруашылықтарда инфекция қоздырғыш жағдайын болдырмау мақсатында, шаруашылықтарды бруцеллезден қорғау бойынша ветеринарлық- санитарлық іс- шаралар(жануарларды сатып алу, оларды басқа жерге апару және мал шаруашылығ өнімдерін сату, профилактикалық карантин және т.б.) өткізіледі.

Профилактикалық мақсатта, жоспарланған тәртіпте бруцеллезге тоқсан сайын бұқалар, жылына екі рет сиырлар, қалған мал басы жылына бір рет зерттеуден өткізіледі. Басқа өңірлерден әкелінген барлық жануарлар карантинге қойылады және карантинге қойылған мерзімде бруцеллез ауруына зерттеу өткізіледі.

 Бруцеллез ауруына шалдыққан жануарлар емделмейді, оларды союға қажет.

Аурумен күресу жолдары.

Бруцеллез ауруына шалдыққан шаруашылық (елді мекен) қолайсыз болып саналады және оған шектеу қойылады, мына жағдайлар бойынша:

   3) қолайсыз шаруашылықта тұрған малды халыққа жемдеуге және өсіруге сату;

 4) ауру малды және қолайсыз табыннан мал басын сау малмен бірге жайылмда жаю, суатқа және басқа қатынасқа түсу;

 5) сәтсіз шаруашылықтан шөпті және сабан шығаруға тыйым салынады.

 Барлық түрлі малдардың, бруцеллезге оң реакция көрсетсе, 15 күннің ішінде асыл тұқымына, жасына, буаздылығына қарамастан жемдемей және семіртпей союға жіберіледі.

 Бруцеллезбен ауыратын ірі қара малды қолайсыз шаруашылықтарда сауықтыруы екі тәсілмен жүзге асырылады:

 1) сәтсіз мал басын айырбастау және ғимараттардың, фермалардың аумағын, жайылымдарды және т.б. сауықтыру шараларды өткізу;

 2) малды бруцеллезге қарсы вакциналармен иммундеу мынадай жүйелі зерттеумен, оларды қолдану бойынша бекітілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

 Бірінші тәсіл қолайсыз әкімшілік аумақтардың аумағындағы орналасқан, қолайлы аудандарда бруцеллез анықталғанда қолданылады, бруцеллезге қарсы малды иммундеуін өткізбейтін, шаруашылықтарда сауықтыру болмаса.бруцеллездің барлық жағдайларда қатты өтетін, табында сиырларда жаппай іш тастау болса, 2...5 күнтізбелік жылдар бойы бруцеллезге қарсы вакциналар қолданылады.
Сауықтырудың екінші тәсілі бруцеллез кең тараған аудандарда, сәтсіз шаруашылықтарда бруцеллезге қарсы вакциналардың қолдану, облыс ветеринарлық инспекциясымен келісілген және ветеринарлық қызметінің рұқсат етуімен өткізіледі.

 Мынадай жағдайларда шаруашылықтардың ірі қара малы бруцеллезден: сәтсіз мал басы түгел айырбасталса және мал шаруашылық ғимараттарында, аумақтарында (механикалық тазарту, шаруашылық ғимараттарда санитарлық жөндеу, дезинфекция) сауықтыру шаралары өткізіліп және барлық малдың түрі бруцеллезге серологиялық зерттеулердің екі теріс нәтижесін алғанда сау деп саналады.
Шаруашылықтарда барлық сауықтыру іс-шаралары өткізілгеннен кейін белгіленген тәртіппен шектеу алынады.
Бруцеллезге оң реакция көрсеткен малды сою өндірістік ғимараттың және барлық технологиялық жабдықтардың дизинфекциясымен, ет комбинатының санитарлық қасапханасында сойылады.
Бруцеллез бойынша қолайсыз фермаларда, мал щаруашылық ғимараттарында қолданыстағы ережелерге сәйкес санитарлық жөндеу және міндетті түрде дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау, басқа да ветеринарлық- санитарлық іс-шаралар өткізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес Жеке және заңды тұлғалар МІНДЕТТІ:

25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi

      Жеке және заңды тұлғалар:

      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгiленген жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға;

      2) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсiрiлуiн және пайдаланылуын жүзеге асыруға;

      3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;

      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге;

     6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық -санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

      жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;

      жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;

      7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге;

       8) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен     

       9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге;

      10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындауға;

      11) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге;

      11-1) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыруға;

      12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге;

      12-1) жануарларды карантиндеуді жүргізуге;

 

Жоғарыда көрсетілген Ветеринария туралы заңның 25 бабындағы міндеттерін орындамаған жағдайда:

ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 406 бабына сәйкес ветеринария саласындағы заңнамаларды бұзушылық үшін: жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 327 бабына сәйкес Эпизоотиялардың таралуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан Ветеринариялық қағидаларды бұзушылық: үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.