«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік мекемесі Жезқазған қаласы ветеринария бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Опубликовано: 24 февраля 2018

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар 100 % орындалды :

Сібір жарасына қарсы

9320 ірі қара малы, 21450  бас ұсақ мүйізді мал ,7950  бас жылқы малы,  бас 350 шошқа, 48 бас түйе егілді. 18640 бас ірі қара малы туберкулезге тексерілді. 400 бас ит пен 180 бас мысық құтыруға қарсы егілді. Жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 1600 бас құс, «ірі қара қарасанына» қарсы 4150 бас ірі қара егілді .

12201 бас ірі қара,  30777 бас қой-ешкі,  77 түйе, 800 шошқа мен 120 етқоректілерден қан сынамасы алынып «Бруцеллез» ауруына тексерілді .

«Жылқы маңқасына»  800 бас жылқы аллергиялық тексеруден өтті.

Диагностикалық зерттеулер нәнижелері бойынша «Бруцеллезге» 4 бас ірі қара мал оң нәтиже көрсеттіп санитарлық союға жіберілді.

Бірдейлендіру 100% орыдалды:

4650 бас бұзау, 11700 бас қозы-лақ, 2105 құлын, 648 бас торай, 20 бас бота бірдейлендіріліп (сырғаланып, таңбаланып), ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына енгізілді .

        3106 бас иттер мен мысықтар ауланды.

Мал қорымдарын ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестендіру мақсатында 6900,0 мың тенге бөлініп, Жезқазған қаласы, Талап және Малшыбай селоларының мал қорымдары қоршалды.

 «Жезқазған қалалық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК ғимаратына 31 млн тенгеге күрделі жөндеу жасалды.Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасын және ветеринариялық анықтама беру базасын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 116 мың теңге бөлініп, Малшыбай ауылының ветеринариялық пунктіне интернет желісі қосылды. Жылдың басынан бастап  қалада үш  ауыл шаруашылық жануарларын сою нысыны жұмыс істеді: «Жезқазған АТП» ЖШС мал сою бекеті  және «Айыртау Агро» ЖШС мен  ЖК  Мұхамедкаримов Д. екі мал сою алаңы. Қарағанды облысы ветеринария басқармасының бастығының орынбасары ЖК «Мухамедкаримов Д» мал сою алаңын тексергеннен кейін алаң жабылды, өйткені сою алаңы басшысы тексеріс барысында табылған заң бұзушылықтарды жоюдан бас тартты.Ветеринариялық-санитариялық бақылау бойынша:

Жезқазған қаласының 3 базарында 2017 жылы 10634 ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізілді, оның ішінде 2885 сиыр еті, 924 жылқы еті, 3272 қой мен ешкі, 1867 шошқа еті, 9,3 тонна сүт өнімдері, 35180 жұмыртқа, 6,72 тонна басқа өнімдер тексерілді.

Жыл басынан бері 3 ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын нысандарға ветеринариялық-санитарлық қорытынды берілді, 2 нысан тіркеу нөмірін алды («Баян» ЖШС, шаруа қожалығы Хамитов А.).

Ішкі сауда объектілерінде күнделікті бақылау жүргізу кезінде  Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңын бұзушылықтары анықталған жағдайлар бойынша  6 нұсқама берілді, 8 заң бұзушының құжаттарын әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Жезқазған аймақтық ветеринариялық инспекциясын жіберілді.