«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік қызметтер Паспорта Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру
Опубликовано: 03 мая 2017

   «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру»
мемлекеттік қызметінің төлқұжаты

1

Қызметтің атауы

«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру»

2

Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган

Қарағанды облысының ветеринария басқармасы

3

Қызметтің тұтынушылары

Жеке және заңды тұлғалар

4

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы

қағаз, электронды

5

Қызметтің көрсетілетін орны

Қарағанды қаласы, Лобада көшесі 20

6

Қызметтің көрсетілетін тәртібі

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) Жезқазған қаласы ветеринария бөлімі ММ ;
      2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz  арқылы жүзеге асырылады.

7

Қажетті құжаттар

     Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
     есептік нөмір беру үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпарат.
      Есептік нөмірді қайта ресімдеу кезінде, есептік нөмірдің атауын және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту кезінде, сою алаңына есептік нөмірді растау кезінде:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
      порталға:
      есептік нөмір беру үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпараттың электрондық көшірмесі.

8

Қызметтiң құны және төлеу тәртібі

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

9

Қызмет көрсету процесiнің сипаттамасы

-құжаттарды қабылдау, тіркеу

-құжаттарды қарап, тексеру

- құжаттар пакетін Қарағанды облысының ветеринария басқармасына жіберу

- есептік номерді растау парағын беру

10

Қызметтің көрсетілетін мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы Жезқазған қаласының ветеринария бөліміне құжаттар топтамасын тапсырғаннан бастап – 7 (жеті) күн;

11

Қызмет көрсетілуінің нәтижесі

есептік нөмірдің берілгені туралы растама беру немесе берілген есептік нөмірді қайта ресімдеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

12

Нормативтiк құқықтық акттер

Қазақстан Республикасы   Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы  № 7-1/418 бұйрығы  

 

 

Жауапты қызметкерлердiң координаталары:

  1. 1.       Абилова Мираш Абиловна
  2. Бас маман
  3. 8/7102/733157