«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік қызметтер Паспорта Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру
Опубликовано: 03 мая 2017

«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»

мемлекеттік қызметінің төлқұжаты

 

1

Қызметтің атауы

«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»

2

Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган

Жезқазған қаласы ветеринария бөлімі ММ

3

Қызметтің тұтынушылары

Жеке және заңды тұлғалар

4

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы

қағаз, электронды

5

Қызметтің көрсетілетін орны

Жезқазған қаласы ветеринария бөлімі ММ, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1 кабинет 515

6

Қызметтің көрсетілетін тәртібі

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) Жезқазған қаласы ветеринария бөлімі ММ ;
      2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz  арқылы жүзеге асырылады.

7

Қажетті құжаттар

      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) Қазақстан Республикасы   Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы  № 7-1/418 бұйрығы   нысан бойынша өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) жалға алу шартының құқығында үй-жайлардың тиісті бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжат көшірмесі;
      4) ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің құнын төлегенін растайтың құжат;
      порталға:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) жалға алу шартының құқығында үй-жайлардың тиісті бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;
      3) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

8

Қызметтiң құны және төлеу тәртібі

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған бланктің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

9

Қызмет көрсету процесiнің сипаттамасы

-Құжаттарды қабылдау, тіркеу

-құжаттарды қарап, тексеру

-нысанның ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін тексеру

-тіркеу және ветеринариялық-санитариялық қорытындыны беру

10

Қызметтің көрсетілетін мерзімі

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

11

Қызмет көрсетілуінің нәтижесі

объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі туралы немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды

12

Нормативтiк құқықтық акттер**

Қазақстан Республикасы   Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы  № 7-1/418 бұйрығы  

 

 

Жауапты қызметкерлердiң координаталары:

  1. 1.       Абилова Мираш Абиловна
  2. Бас маман
  3. 8/7102/733157