«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік қызметтер Регламенты Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу
Опубликовано: 03 мая 2017

 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы 28 наурыз
№ 18/02 қаулысымен
бекітілген

"Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

  1. Жалпы ережелер
  2. "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдармен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
          Ветеринариялық паспорттан үзінді алу қажеттілігі жағдайында өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру:
          1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
          2) www.egov.kz, www.elicense.kz"электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
          2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
          3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ветеринарлық паспорт бере отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәсілдерінің бірімен жануарларға жеке нөмір, телнұсқасын, ветеринариялық паспорттан үзінді беру.
          Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық немесе қағаз түрінде.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
  4. "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 06 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11959 болып тіркелген) бекітілген "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
    5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
          1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ) тіркеуді өткізеді және құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді - 30 минут;
          2) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, (мынадай тәсілдердің бірімен: сырғалау, таңба басу, чиптау, татуировка) жануарға жеке нөмір береді, жануардың жеке нөмерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорына енгізеді, облыстың жергілікті атқарушы органымен бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген мерзімге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдейді;
          ветеринариялық паспорттан үзінді беру – 30 минут;
          сырғалар жоғалған, бүленген кезде қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет, жануарға жаңа бірдейлендіру нөмірін берумен – 2 жұмыс күні;
          3) кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін журналда тіркейді және береді – 30 минут.
          6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижелері:
          1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;
          2)мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау;
          3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7.Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) кеңсе қызметкері;
      2) жауапты орындаушы.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тіркеуді өткізеді және құжаттарды басшыға бұрыштама қожауапты орындаушыға жібереді - 30 минут;
      2) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, (мынадай тәсілдердің бірімен: сырғалау, таңба басу, чиптау, татуировка) жануарға жеке нөмір береді, жануардың жеке нөмерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорына енгізеді, облыстың жергілікті атқарушы органымен бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген мерзімге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдейді;
      ветеринариялық паспорттан үзінді беру – 30 минут;
      сырғалар жоғалған, бүленген кезде қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет, жануарға жаңа бірдейлендіру нөмірін берумен – 2 жұмыс күні;
      3) кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін журналда тіркейді және береді – 30 минут.

  1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
  2. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткенде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен рәсімдері (іс-қимылдары) кезектілігін сипаттау:
    көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің (Порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегімен Порталда тiркелуді жүзеге асырады;
          1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен Порталда ЖСН/БСН және парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);
          1-шарт –тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы Порталда тексеру;
          2-процесс – Порталмен көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
          3-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу), Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмесін электрондық түрде сұрату нысанына тіркеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушымен сұратуды куәландыру (қол қою) үшін тіркеу куәлігін – ЭЦҚ-ны таңдауы;
          2-шарт – Порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
          4-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
          5-процесс – автоматтандырылған жұмыс орнында "электрондық үкімет" шлюзы арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) көрсетілетін қызметті берушімен сұратуды өңдеу үшін өңірлік "электрондық үкімет" шлюзіне жолдау;
          6-процесс – осы регламенттің 5-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары);
          7-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сын қолданумен қалыптастырылады.
          10.Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
          11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Ауыл шаруашылығы жануарларын
ветеринариялық паспорт бере
отырып бірдейлендіруді жүргізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

 Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің диаграммасы

 

"Ауыл шаруашылығы
жануарларын ветеринариялық
паспорт бере отырып
бірдейлендіруді жүргізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

"Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу"мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы