«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік қызметтер Регламенты Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру
Опубликовано: 03 мая 2017

 

 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы 28 наурыз
№ 18/02 қаулысымен
бекітілген

"Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

  1. Жалпы ережелер
  2. "Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру:
          1) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар;
          2) www.egov.kz, www.elicense.kz"электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылыжүзеге асырылады.
          2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
          3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмір беру туралы растама (бұдан әрі - растама) немесе берілген есептік нөмірді қайта ресімдеу немесе "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 06 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11959 болып тіркелген) бекітілген"Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
          Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық түрде.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
    5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
          1) (аудан, қала) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ) тіркеуді өткізеді және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жібереді - 30 минут;
          2) (аудан, қала) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны айқындайды – 30 минут;
          3) (аудан, қала) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді– 1күн;
          4) (аудан, қала) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің жауапты орындаушысы құжаттардың сәйкес болуы жағдайында Қарағанды облысының ветеринария басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) есептік нөмір беруге сұрату жібереді – 1 күн;
          5) Басқарма сұрату түскен сәттен бастап есептік нөмір беру туралы шешім шығарады:
          өндіріс объектісіне есептік нөмір береді;
          өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды ресімдейді және оны ұсыну үшін жергілікті атқарушы органның бөлімшесіне жібереді – 3 күн;
          6) (ауданның, қаланың) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің басшысы "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растауға немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды. Өтініш қағаз тасығышта берілген жағдайда, бланкте басып шығарылады, қоля қойылады және мөрмен куәландырылады – 1 күн ішінде;
          7) (аудан, қала) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 минут;
          жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеліп соқтырмайтын өндіріс объектісі атауы және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда есептік нөмірді қайта ресімдейді және растама береді - 5 жұмыс күні;
          қызметінің түрі өзгерген жағдайда өндіріс объектісі есептік нөмір берудің қайталама рәсімінен өтеді – 7 күн;
          сою алаңдары есептік нөмірді растау үшін есептік нөмірді қайта рәсімдеу рәсімінен өтеді – 7 күн.
          6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижелері:
          1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;
          2) жауапты орындаушыны айқындау;
          3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру. Толық емес құжаттарды ұсыну фактісі айқындалған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлейді;
          4) Басқармаға сұрату жіберу;
          5) есептік нөмір беру туралы шешім қабылдау;
          6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қою;
          7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7.Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1)(аудан, қала)жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің кеңсе қызметкері;
      2) (аудан, қала)жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің басшысы;
      3) (аудан, қала) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің жауапты орындаушысы;
      4) Қарағанды облысының ветеринария басқармасы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін сипаттау:
      1) (аудан, қала) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тіркеуді өткізеді және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жібереді - 30 минут;
      2) (аудан, қала) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны айқындайды – 30 минут;
      3) (аудан, қала) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Өтініш берушімен толық емес құжаттарды ұсыну фактісі айқындалған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлейді – 1 күн;
      4) (аудан, қала) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің жауапты орындаушы құжаттардың сәйкес болуы жағдайында Қарағанды облысының ветеринария басқармасына есептік нөмір беруге сұрату жібереді – 1 күн;
      5) Басқарма сұрату түскен сәттен бастап есептік нөмір беру туралы шешім шығарады:
      өндіріс объектісіне есептік нөмір береді;
      өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды ресімдейді және оны ұсыну үшін жергілікті атқарушы органның бөлімшесіне жібереді – 3 күн;
      6) (ауданның, қаланың) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің басшысы "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растауға немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды. Өтініш қағаз тасығышта берілген жағдайда, бланкте басып шығарылады, қол қойылады және мөрмен куәландырылады – 1 күн ішінде;
      7) (аудан, қала) жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 минут;
      жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеліп соқтырмайтын өндіріс объектісі атауы және(немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда есептік нөмірді қайта ресімдейді және растама береді - 5 жұмыс күні;
      қызметінің түрі өзгерген жағдайда өндіріс объектісі есептік нөмір берудің қайталама рәсімі – 7 күн;
      сою алаңдары есептік нөмірді растау үшін есептік нөмірді қайта рәсімдеу рәсімі – 7 күн.

  1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
  2. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткенде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігін сипаттау:
    көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің (Порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегімен Порталда тiркелуді жүзеге асырады;
          1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен Порталда ЖСН/БСН және парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);
          1-шарт –тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы Порталда тексеру;
          2-процесс – Порталмен көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
          3-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу), Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмесін электрондық түрде сұрату нысанына тіркеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушымен сұратуды куәландыру (қол қою) үшін тіркеу куәлігін – ЭЦҚ-ны таңдауы;
          2-шарт – Порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
          4-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
          5-процесс – автоматтандырылған жұмыс орнында "электрондық үкімет" шлюзы арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) көрсетілетін қызметті берушімен сұратуды өңдеу үшін өңірлік "электрондық үкімет" шлюзіне жолдау;
          6-процесс – осы регламенттің 5-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары);
          7-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сын қолданумен қалыптастырылады.
          10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
          11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

 Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің диаграммасы

 

"Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы