«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік қызметтер Регламенты Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру
Опубликовано: 03 мая 2017

 

 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы 28 наурыз
№ 18/02 қаулысымен
бекітілген

"Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

  1. Жалпы ережелер
  2. "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органымен бекітілген тізімнің негізінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру:
          1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші;
          2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі - портал).
          2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
          3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
          мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі туралы;
          анықталған бұзушылықтарды жоюға ұсынымдар бере отырып, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды).
          Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
  4. "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 06 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11959 болып тіркелген) бекітілген "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
    5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
          1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ) тіркеуді өткізеді және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жібереді - 30 минут;
          2) басшы құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды – 30 минут;
          3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді– 1 жұмыс күні;
          4) құжаттардың сәйкес болуы жағдайында жауапты орындаушы 2 жұмыс күні мерзімде:
          объектіні тексеруге дейін бару арқылы бақылау және қадағалауды өткізу туралы құқықтық статистика және арнайы есеп органдарына хабарлайды;
          объектіге тексеру жүргізеді;
          объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;
          объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге, талаптарға сәйкестігін тексереді;
          мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, мемлекеттік ветеринариялық дәрігердің қарауына шешім қабылдау үшін енгізеді;
          5) мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тізім бойынша:
          қолмен және мөрмен куәландырылған мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі;
          "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ арқылы қолмен және мөрмен куәландырылған, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныспен мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру туралы шешім қабылдайды. Қағаз тасығышта өтініш білдірген жағдайда, ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкте басып шығарылады, оған қол қойылады және мөрмен куәландырылады – 3 сағат;
          6) кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін журналда тіркейді және оны береді – 30 минут.
          6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижелері:
          1) өтінішті қабылдау және тіркеу;
          2) жауапты орындаушыны айқындау;
          3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;
          4) объектіні тексеруді дайындау және өткізу;
          5) шешім қабылдау;
          6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру.
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
    1) кеңсе қызметкері;
          2) басшы;
          3) жауапты орындаушы;
          4) мемлекеттік ветеринариялық дәрігер.
          8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезектілігін сипаттау:
          1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тіркеуді өткізеді және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жібереді - 30 минут;
          2) басшы құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды – 30 минут;
          3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді – 1 жұмыс күні;
          4) құжаттардың сәйкес болуы жағдайында жауапты орындаушы 2 жұмыс күні мерзімде:
          объектіні тексеруге дейін бару арқылы бақылау және қадағалауды өткізу туралы құқықтық статистика және арнайы есеп органдарына хабарлайды;
          объектіге тексеру жүргізеді;
          объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;
          объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге, талаптарға сәйкестігін тексереді;
          мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, мемлекеттік ветеринариялық дәрігердің қарауына шешім қабылдау үшін енгізеді;
          5) мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тізім бойынша:
          қолмен және мөрмен куәландырылған мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі;
          "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ арқылы қолмен және мөрмен куәландырылған, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныспен мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру туралы шешім қабылдайды. Қағаз тасығышта өтініш білдірген жағдайда, ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкте басып шығарылады, оған қол қойылады және мөрмен куәландырылады – 3 сағат;
          6) кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін журналда тіркейді және оны береді – 30 минут.
  7. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
  8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткенде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігін сипаттау:
    көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің (Порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегімен Порталда тiркелуді жүзеге асырады;
          1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен Порталда ЖСН/БСН және парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);
          1-шарт –тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы Порталда тексеру;
          2-процесс – Порталмен көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
          3-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу), Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмесін электрондық түрде сұрату нысанына тіркеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушымен сұратуды куәландыру (қол қою) үшін тіркеу куәлігін – электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) таңдауы;
          2-шарт – Порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
          4-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
          5-процесс – электрондық үкімет төлем шлюзінде қызметке ақы төлеу, содан кейін бұл ақпарат "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ түседі не электрондық (сканерленген) түрде түбіртекті тіркеу;
          3-шарт – қызмет көрсету үшін төлеу фактісін "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да тексеру;
          6-процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ бойынша қызмет көрсету үшін төлем жүргізілмегендіктен, сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
          7-процесс – автоматтандырылған жұмыс орнында "электрондық үкімет" шлюзы арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) көрсетілетін қызметті берушімен сұратуды өңдеу үшін өңірлік "электрондық үкімет" шлюзіне жолдау;
          8-процесс – осы регламенттің 5-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары);
          9-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу.
          Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сын қолданумен қалыптастырылады.
          10.Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
          11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық бақылау және қадағалау
объектілеріне ветеринариялық-
санитариялық қорытынды беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

 Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің диаграммасы

 

"Мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық бақылау және
қадағалау объектілеріне
ветеринариялық-санитариялық
қорытынды беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

"Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру"

 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы