«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік қызметтер Регламенты Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау
Опубликовано: 03 мая 2017

 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы 28 наурыз
№ 18/02 қаулысымен
бекітілген

"Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

  1. Жалпы ережелер
  2. "Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру:
          1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
          2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
          2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
          3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – келесі шешімдерді көрсете отыра аттестаттау парағы:
          1) аттестатталды;
          2) қайта аттестаттауға жатады;
          3) аттестатталған жоқ.
          4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық түрде.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
  4. "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 06 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11959 болып тіркелген) бекітілген "Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
    6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
          1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ) тіркеуді өткізеді және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жібереді - 30 минут;
          2) басшы келіп түскен құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды – 30 минут;
          3) жауапты орындаушы келесі іс-шараларды әзірлеу рәсімін өткізеді – 6 күнтізбелік күн:
          аттестаттау өткізу үшін қажетті құжаттарды дайындайды;
          аттестаттау өткізу кестесін әзірлейді және бекітеді;
          аттестаттау комиссиясының құрамын айқындайды;
          ұйымдастырушылық түсіндіру жұмысын өткізеді;
          аттестаттау мерзімдері туралы оны өткізуді бастағанға дейін хабарландырады;
          аттестаттауға жататын тұлғалардың құжаттарын қабылдайды және талдайды;
          4) басшы аттестаттау комиссиясын құрады, аттестаттауға жататын тұлғалардың тізімін, тестілеу сұрақтарын айқындайды және аттестаттау мерзімдерін, жұмыс кестесін белгілейді - 5 күнтізбелік күн;
          5) аттестаттау комиссиясы құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне қарайды, тестілеуді және әңгімелесуді өткізеді – 1 күнтізбелік күн. Әңгімелесудің нәтижесі бойынша комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
          аттестатталды;
          қайта аттестаттауға жатады;
          аттестатталған жоқ.
          Комиссиямен қабылданған шешім аттестаттау парағына енгізіледі;
          6) кеңсе қызметкері аттестаттау парағын журналда тіркейді, "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қояды. Көрсетілетін қызметті алушы қағаз тасығышта өтініш білдірген жағдайда, аттестаттау парағы электрондық нысанда рәсімделіп, басып шығарылады, комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысымен қол қойылады және аттестаттау аяқталғаннан кейін беріледі – 30 минут.
          7. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижелері:
          1) өтінішті қабылдау және тіркеу;
          2) жауапты орындаушыны айқындау;
          3) жауапты орындаушымен аттестаттауға дайындалу рәсімі;
          4) басшымен аттестаттау өткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және бекіту;
          5) тестілеу, әңгімелесу және шешім қабылдау;
          6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру.
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
    1) кеңсе қызметкері;
          2) басшы;
          3) жауапты орындаушы;
          4) аттестаттау комиссиясы.
          9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезектілігін сипаттау:
          1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тіркеуді өткізеді және құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жібереді - 30 минут;
          2) басшы келіп түскен құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды – 30 минут;
          3) жауапты орындаушы келесі іс-шараларды әзірлеу рәсімін өткізеді – 6 күнтізбелік күн:
          аттестаттау өткізу үшін қажетті құжаттарды дайындайды;
          аттестаттау өткізу кестесін әзірлейді және бекітеді;
          аттестаттау комиссиясының құрамын айқындайды;
          ұйымдастырушылық түсіндіру жұмысын өткізеді;
          аттестаттау мерзімдері туралы оны өткізуді бастағанға дейін хабарландырады;
          аттестаттауға жататын тұлғалардың құжаттарын қабылдайды және талдайды;
          4) басшы аттестаттау комиссиясын құрады, аттестаттауға жататын тұлғалардың тізімін, тестілеу сұрақтарын айқындайды және аттестаттау мерзімдерін, жұмыс кестесін белгілейді - 5 күнтізбелік күн;
          5) аттестаттау комиссиясы құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне қарайды, тестілеуді және әңгімелесуді өткізеді – 1 күнтізбелік күн. Әңгімелесудің нәтижесі бойынша комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
          аттестатталды;
          қайта аттестаттауға жатады;
          аттестатталған жоқ.
          Комиссиямен қабылданған шешім аттестаттау парағына енгізіледі;
          6) кеңсе қызметкері аттестаттау парағын журналда тіркейді, "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ арқылы ЭЦҚ-мен қол қояды. Көрсетілетін қызметті алушы қағаз тасығышта өтініш білдірген жағдайда, аттестаттау парағы электрондық нысанда рәсімделіп, басып шығарылады, комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысымен қол қойылады және аттестаттау аяқталғаннан кейін беріледі – 30 минут.
  7. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
  8. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткенде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігін сипаттау:
    көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің (Порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегімен Порталда тiркелуді жүзеге асырады;
          1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен Порталда ЖСН/БСН және парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);
          1-шарт –тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы Порталда тексеру;
          2-процесс – Порталмен көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
          3-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу), Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмесін электрондық түрде сұрату нысанына тіркеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушымен сұратуды куәландыру (қол қою) үшін тіркеу куәлігін – ЭЦҚ-ны таңдауы;
          2-шарт – Порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
          4-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
          5-процесс – автоматтандырылған жұмыс орнында "электрондық үкімет" шлюзы арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) көрсетілетін қызметті берушімен сұратуды өңдеу үшін өңірлік "электрондық үкімет" шлюзіне жолдау;
          6-процесс – осы регламенттің 5-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары);
          7-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сын қолданумен қалыптастырылады.
          11. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
          12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процестерінде рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процестерінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау"
мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің регламентіне
1-қосымша

 Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы

 

"Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау"
мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің регламентіне
2-қосымша

"Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы