«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Нормативно-правовые акты Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесі
Опубликовано: 15 марта 2016 . Обновлено: 24 февраля 2018

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2014 жылғы 30 қазандағы    
№ 7-1/559 бұйрығына 
5-қосымша    

Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесі

  1. Жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар – құтыру, бруцеллез, Ауески ауруы, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, топалаң (терi шикiзатының асколизациясынан басқа), туберкулез, аусыл, күл, экинококкоз, паратуберкулез, токсоплазмоз, трихофития, риккетсиоздар, туляремия, ауыз уылуы (экзотикалық ауру), Шмалленберг ауруы және басқа экзотикалық аурулар.
  2. Iрi қара малдың аурулары - вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит, парагрипп-3, iрi қара малдың обасы, қарасан, камвилобактериоз, кемiктәрiздес энцефалопатия, нодулярлық дерматит (экзотикалық ауру), қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) iш тастауы.
  3. Қой және ешкi аурулары - қойдың анаэробтық антеротоксемиясы, брадзот, қойдың жұқпалы эпидидимиті, жұқпалы пустелездiк дерматит (эктима), қойдың хламидиоздiк iш тастауы, қойдың және ешкiнiң жұқпалы агалактиясы, скрепи, маеди-висна, аденоматоз, блутанг (экзотикалық аурулар), күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы.
  4. Жылқы аурулары - инфекциялық анемия, маңқа, грипп, ринопневмония, жұқпалы энцефаломиелит, жылқының африка обасы (экзотикалық aуpу), эпизоотиялық лимфангоит.
  5. Түйе аурулары - түйе обасы.
  6. Шошқа аурулары - классикалық оба, тілме, везикулярлық ауру, Тешен ауруы, вирустық трансмиссивтік гастроэнтерит, африка обасы (экзотикалық ауру), тұмау.
  7. Құс аурулары - жұқпалы ларинготрахеит, Ньюкасла ауруы, Марека ауруы, Гамборо ауруы, құс күлi, құс орнитозы, респираторлық микоплазмоз, құстардың жоғары патогенді тұмауы.
  8. Терiсi бағалы аңдар мен үй қояндары аурулары - үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруы, миксоматоз.
  9. Ит және мысық аурулары - ет қоректiлердiң обасы.
  10. Балық аурулары - тұқы балықтың геморрагиялық септицемиясы, описторхоз.
  11. Бал арасының аурулары - варроатоз, аскофероз.