«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Қалада ит, мысық ұстаушылардың назарына!

Қалада ит, мысық ұстаушылардың назарына!

Опубликовано: 14 марта 2016

Қаладағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жою бригадасының қарқынды жұмысына қарамастан, белгілі иесі бар иттер қапқан адам саны көбейіп отыр.

«Қарағанды облысының аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидаларына» сәйкес күтіп ұстаңыздар!  

Қарағанды облыстық мәслихатының ХХII сессиясының 2013 ж.12-желтоқсандағы №245 шешімімен бекіткен Қарағанды облысының аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидаларының» «26- тармағын бұзған, яғни иттерін қашып кетуге мүмкіндік бермейтін, қоршалған аумақта, адамдар мен басқа жануарларға шабуыл жасай алмайтын жағдайда ұстамаған ит иелеріне (адамдарды қапқан) , сондай-ақ осы Қағидалардың 40 тармағының  13) тармақшасы бойынша иттер мен мысықтарды одан әрі ұстауға мүмкіндік болмаған кезде арнайы орындарға өткізбей қаңғыртып жіберген жануарлар иелеріне Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408 бабына сәйкес жеке тұлғаларға 10 АЕК, кіші кәсіпкерлік субьектілерінің лауазымды тұлғаларына 20 АЕК, орта кәсіпкерлік субьектілерінің лауазымды тұлғаларына 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субьектілерінің лауазымды тұлғаларына 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік шара қолданылады, егер 1 жылдың ішінде қайталанатын болса айыппұл екі еселенетінін ескертеміз!