«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Мемлекеттік мекемесі Жезқазған қаласының ветеринария бөлімінің 2015 жылы атқарған жұмыстары

Жезқазған қаласының ветеринария бөлімінің 2015 жылы атқарған жұмыстары

Опубликовано: 14 марта 2016

011 «Эпизоотияның алдын алу жұмыстарын жүргізу» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 13000000 тенге бөлініп, жылдық жоспар   100% орындалды. 009 Энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шараларға 4000000 тенге бөлініп, 000 егілді. Жоспар бойынша «Бруцеллезге» классикалық әдіспен тексерілген 8207 бас мүйізді ірі қараның 63 басы және ИФА әдісімен тексерілген 2738 бас бұзаудың 1 оң нәтиже беріп, түгелімен сойылды. Басқа малдарды диагностикалық зерттеулерден оң нәтиже  бергені жоқ. Жыл бойы 73173 доза вакцина қабылданып жұмсалды. Қалдық вакцина жоқ. Жезқазған қаласының 10 ауласында 20 бас ірі қара «Инфекционный ринотрахейт және вирусная диарея» ауруларымен ауырып, Жезқазған қаласы әкімдігінің 2015 ж.14 тамыздағы №18/55 қаулысымен шектеу қойылып, барлық ветеринариялық іс-шаралар аяқталғаннан кейін Жезқазған қаласы әкімдігінің 2015 ж. 20 қарашадағы №26/30 қаулысымен шектеу алынды.

         Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары бойынша 10000,0 мың тенгеге бөлініп, 4544 бас ірі қара, 1592 жылқы, 15746 қой-ешкі, 10 түйе, 288 шошқа бірдейлендірілді. 5628 ірі қара сырғасы, 288 шошқа сырғасы,10 түйе және 17009 қой-ешкі сырғасы алынды.

Ағарту жұмыстары бойынша жергілікті теледидардан «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» туралы 1 рет түсініктеме берілді.

         Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жоюға қалалық бюджеттен 5164,0 мың тенге қаралып, 1000 ит, 582 мысық ауланды.

Қала аумағы бойынша қалаға 1 және селоларға 3 барлығы 4 мал көмінділері немесе биотермиялық шұңқыр болу керек болса, Малшыбай селосындағы 2006 жылы салынған траншеялық мал қорымы, Талап селосында 2011 жылы салынған биотермиялық шұңқыр, Жезқазған қаласындағы 2008 жылы пайдалануға берілген биотермиялық шұңқыр және Кенгір селолық округінде 2014 жылы салынған биотермиялық шұңқыр бар. Мал қорымдарын  күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 8000,0 мың тенге қаралып, 100% игерілді.

Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекеме «Жезқазған қалалық ветстанциясы» жеке ғимаратпен қамтылған.Үш селолық округтегі ветпункттерге село әкімдігі ғимаратынан бөлме берілген. Интернетпен толық қамтылған.

Қалалық ветстанцияда 37 адам жұмыс жасайды оның 14 вет маман.

Жыл аяғына дейін егіп емдеумен айналысатын 1 жеке тұлға тіркелді.

Ветеринария саласында кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау уақыты келмегендіктен жүргізілген жоқ. Өндірістік бақылау бөлімдерінде 3 ветврач жұмыс жасайды.

Базарларда 929 бас ірі қара, 608 бас шошқа, 1219 бас қой-ешкі, 118 бас түйе мен жылқы ұшасына , 55,371 тн сүт, 72,53 мың  дана жұмыртқа, 7,992 тн басқа өнімдерге ветеринариялық санитарлық сараптама жасалды       .

Мал сою пунктінде 599 бас ірі қара,708 шошқа, 1635 қой-ешкі,115 жылқы сойылды.

         Ветеринариялық биологиялық препараттар өндірушілер жоқ.

Балық  шаруашылығы су қоймалары жоқ.