«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Құрметті сайт пайдаланушы!

Құрметті сайт пайдаланушы!

Опубликовано: 14 марта 2016

ветеринария жөніндегі заңнамалар жөнінде түсініктеме береміз:

        Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 ж.12 желтоқсандағы №7-1/700 «Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Жеке және заңды тұлғалар жаңадан мал сатып алу, әкету,орын ауыстыру жоспарлау алдында 30 күн бұрын қалалық ветеринария бөліміне немесе аумақтық инспекцияға хабарлауға міндетті. Кеден одағы арасында және кеден одағы арқылы үшінші елге әкетілетін мал 21 күн,Республика ішінде бір аймақтан келесі аймаққа (зона) өткізу үшін 7 күн карантинде тұруы керек. Карантинде тұрған кезде жануарларды диагностикалық және аллергиялық зерттеулерден өткізеді, вакцинацияланғаны жөнінде деректерді тексереді және карантинде тұрған кездегі зерттеулер мал иесі есебінен жүргізіледі.

Қазақстан Респаубликасы «Ветеринария туралы» 2002 ж.10 шілдедегі Заңының 25 бабына сәйкес Жеке және заңды тұлғалар:

Жергілікті ветеринариялық ұйымды бірнеше жануар кенеттен өлген, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған жағдайда хабардар етуге,ветеринар мамандар келгенше ауырған жануарларды оқшаулап ұстап, жайылымға жібермеуге міндетті.Өз жануарларын уақтылы вакцинациялауды және диагностикалық зерттеуді қамтамасыз етуге, ветеринариялық шараларды жүргізу кезінде ветеринар мамандарға көмек көрсетіп, жағдай жасауға тиіс.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 ж.30 қаңтардағы №7-1/68 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Жеке және заңды тұлғалар:

Уақтылы бірдейлендіру жоспарын жасап, бірдейлендіру атрибуттарына тапсырыс беру және бірдейлендіруді жүргізу үшін жергілікті ветеринариялық ұйымды ( Ветстанция, ветпункт) сатып алынған мал, туылған төл, олардың сойылғаны мен сатылғаны жөнінде ақпарат беруге міндетті.

Егерде осы заңнамаларды орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы  кодексінің 406 бабына сәйкес әкімшілік шара қолданылады.