«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Мал шаруашылығы саласындағы шаруашылық субьектілері назарына!

Мал шаруашылығы саласындағы шаруашылық субьектілері назарына!

Опубликовано: 14 марта 2016 . Обновлено: 24 февраля 2018

ЖАДЫНАМА 

Ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алған кезде міндетті түрде ветеринариялық паспортымен қоса алу керек. Ветеринариялық паспортқа сатып алушының аты жөні, мекен-жайы және сатып алған күні жазылады және сатушының тұрғылықты жері бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына малдың қайда, кімге сатылғаны туралы ақпараттар енгізілуі тиіс. Егер сатып алған мал басқа әкімшілік аумаққа тасымалданатын болса , сатып алған жерінен ветеринариялық анықтама алынуы керек.

Басқа әкімшілік аумақтан сатып алынған мал (30 күн ішінде мал сою орнында сойылуға арналғаннан басқа) , келген жерінде міндетті түрде 30 күн карантинде болып, қажетті тексерулерден өтуі қажет.

Жеке тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру,мал иелері берген өтінімдер негізінде жасалады. Тиісті ветеринариялық пункттің ветеринариялық дәрігері малдың ветеринариялық паспортына малға жасалған барлық вакцинациялар, диагностикалық тексерулер туралы мәліметтерді енгізеді.

Малды сату, өз қажетіне сою немесе өлу жағдайында сол жануардың ветеринариялық паспортын жергілікті ветеринариялық пунктке алып келіп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің компьютерлік базасынан  шығару мал иесінің міндеті.

            Малды сойып, етін өткізуге арналған мал міндетті түрде мал сою алаңында немесе мал сою пунктінде сойылуы керек. Мал сою пунктінің ветеринариялық дәрігері соятын малды алдын ала қарап тексеріп, сойғаннан кейін ішкі органдарын зертханада сараптап, сараптау актісін береді осы сараптау актісі негізінде ветеринариялық анықтама рәсімдейді. Мал сою алаңында малды алдын ала қарап тексеріп,сойғаннан кейін ішкі органдарын тексеріп ветеринариялық анықтама рәсімдейді. Ол анықтама мал етінің өткізілетін орнына етпен бірге өткізіледі.

          Барлық мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылық субьектілерінде есептік номер болуы керек. Есептік номер шаруашылық субьектісіне ветеринариялық-санитариялық тұжырымдама негізінде беріледі.

Ветеринариялық-санитариялық тұжырымдама, шаруашылықты ветеринариялық-санитариялық нормаларға сәйкестігін тексере отырып қалалық ветеринария бөлімімен рәсімделеді.