«Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Жезқазған қалалық ветеринариялық станциясы
Опубликовано: 18 февраля 2013

Жезқазған қаласында 2012 жылы  ветеринариялық қызметтер көрсететін  мамандандырылған мекеме «Жезқазған қалалық ветеринариялық станциясы»  Кенгір, Талап, Малшыбай селоларында ветеринариялық пункттарымен құрылды.

Директоры – Қуанышқалиев Сергей Абдуғалиұлы. Тел 8/7102/760845
Директордың орынбасары - Мақажанов Әсет Имашұлы. Тел 8/7102/760845
 «Жезқазған қалалық ветеринариялық станциясы»  мен оның селолардағы ветеринариялық пункттері мынадай функцияларды:
      1.Жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
      2. Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізуді;
      3. Жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      4. Жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
      5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары салған мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырды), мал соятын алаңдарды күтіп-ұстауды;
      6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      7. Ќазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады